Жаңа техникалар мен жалақының өсуі: әкімдік коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетеді
Елордада коммуналдық қызметтер паркі жаңа арнайы техникамен толықты. Жолдар мен тротуарларды қардан тазалау үшін 67 арнайы техника сатып алынды: олар автогрейдерлер, қар тиегіштер, тракторлар және т.б. Келесі кезекте алдағы жылдың басында (90 арнайы техника) алу жоспарланып отыр.
Парк техникасын жаңарту қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға және санитарлық тазалаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Арнайы техника қаражатты оңтайландыру мен "ҚДБ Лизинг" АҚ-мен бірлесе сатып алу есебінен алынды. Техниканың басым бөлігі -отандық өнім. Коммуналдық қызметкерлер жаңа техниканы сатып алудың маңыздылығын атап өтті, себебі болған техниканың тозуы 30- 50% - ды құрайды. Жұмысшылар ескі техниканың бірнеше рет бұзылып, жұмыс кезінде де істен шыққанын айтты.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша "Астана Тазалық" қызметкерлері қаланы тазартудағы ерен еңбектері үшін сыйақы алды, жыл соңында тағы да сыйақы алатын болады. Ал 2020 жылдың басынан бастап жұмысшылардың жалақысы өседі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz