2305

Нұр-Сұлтан қаласында "Елорда жастары 2019" жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтанда жыл сайын өтетін  "Елорда жастары 2019" байқауының 15 номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бір ай ішінде 14-29 жас аралығындағы елордалық жастардан 1000-нан астам өтініш келіп түсті.

"Елбасының бастамасымен ағымдағы жыл Жастар жылы болып жарияланды. Біздің жастарымыз барлық салада елеулі жетістіктерге жетті. Мұның бәрі қажырлы еңбек пен білімнің арқасында. Нұр-Сұлтан қаласы-армандар орындалатын қала. Жастардың қаласы. Жастар елордамыздың дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жастар үшін жағдай жасалуда, мысалы, Nazarbayev University, Astana IT Hub, Seedspace, Astana IT University ашылды. Келесі жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылы деп жариялады. Белсенділік танытуға шақырамын. Барлық номинанттар мен жеңімпаздарды құттықтаймын " - деді А. Көлгінов.

Осылайша, "Ғылым" номинациясы бойынша Ерсаханов Қуаныш, «Ұлттық өнер» – Алибекова Әсел "Заманауи шығармашылық және өнер" - Тоқтасынова Ақбота, "Журналистика" - Данияр Риза, "Қоғамдық қызмет" - Абдурашитов Асылбек," Спорт "- Мусаифов Мадияр, "Кино және театр" - Самат Әзімқұлов ," Эстрада " - Мирас Жүгінісов, "Әлеуметтік саланың үздік қызметкері" - Жүнісәлиевтар отбасы ," Өндірістің үздік қызметкері "- Отарова Сабина, "Жас кәсіпкер" - Бапанова Айгерим, "Жыл еріктісі" - Мурат Мирас, "Жыл студенті" - Орал Абдрауф  , "Үздік мемлекеттік қызметші" - Ерманова Таңшолпан," Үздік жастар театры " - Шаңырақ театры жеңіп алды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және атаулы кубоктармен марапатталды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109