8048

Елордада «Үш арыс» ескерткіші мен «Жазушылар үйі» ғимараты ашылды

Елордада Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ әдебиетінің алыптары – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай Үш арысқа арналған ескерткіш орнатылып, «Жазушылар үйі» ғимараты ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ұлтымыздың тар жол тайғақ кешкен жылдарын романының атауымен астарлап жеткізіп, қазақ атауын құжат жүзінде қайтарған Сәкен Сейфуллин мұрасының біздің руханиятымызда алатын орны ерекше. Бүгінде қаламызда музейі жұмыс істейді. Енді, міне, ескерткіші ашылып отыр. Бейімбет Майлин өзінің жазушылығымен қатар, елді сауаттылыққа үндеп алғашқы "Қазақ" газеті мен «Айқап» журналына және басқа да басылымдарға тұрақты мәселелерді жазған журналистігімен де көп еңбек сіңірді. Драматургтығы – бір төбе. Әңгімелері әлі күнге дейін өзектілігін жоймай, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде пайдаланылып келеді. Ілияс Жансүгіров – қазақ фольклорын дамытқан тұлға. "Күйші", "Құлагер" поэмалары – тұнған тарих. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладағы келелі ойлардың негізінде дүниеге келген бұл туындыны көптің қуанышы деп білемін. Бұл ескерткіш өткенге құрмет қана емес, тарихымызға қойылған бірегей белгі, болашаққа деген кәміл сенім. Азат елдің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының төрінде тағдыры да бір, өмірі де ұқсас ұлтымыздың Ұлы перзенттеріне арналған ескерткіштің тұруы – заңдылық. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болады деген үміттемін», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жазушылардың туыстары мен жақындары ескерткіштің ашылу маңыздылығын тілге тиек етіп, бұл тек ата-бабаларына деген құрмет қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, қала әкімімен кездесу барысында шығармашылық зиялы қауым өкілдері барлық жазушылардың басын бір жерде тоғыстыруды сұраған болатын.

Осылайша, «Жазушылар үйінің» жаңа ғимараты ашылып, көпшілік назарына белгілі ақындар мен ойшылдардың туындылары жинақталған кітапхана таныстырылды. Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов ғимараттың елордалық жазушыларды біріктіретін, шығармашылық орынға айналатынын, сонымен қатар жазушылардың жазудан басқа шетел тілдерінен туындыларды қазақ тіліне сапалы аударумен айналысатынын атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109