2189

Елордада «Бір әлем – бір өмір» халықаралық жастар балы өтеді

18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Бір әлем – бір өмір» «ONE WORLD – ONE LIFE» атты Халықаралық жастар балы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның мақсаты қасиетті де киелі қазақ елінің тамыры тереңге жайылған тарихын, өнеге тұнған салт-дәстүрін, сәулеті мен дәулеті күн санап дамып келе жатқан Елордасын дүниежүзіне таныстыру. Сондай-ақ, жігерлі жастардың бас қосуы арқылы жаһандық мәселелер жай-күйін шешуге үндеу жасау, нәтижелі қайырымдылық шараларын жүзеге асыру, игі шаралардың санын арттыру көзделіп отыр.   

Елорда  жастары мен әлем жастары көпшілік назарына «Полонезадан» бастап, «Жастар вальсіне» дейін барлық би түрлерін ұсынатын болады. Әр түрлі сала мамандары дәрігерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, өндірістің қызметкерлері және т.б құралған елордалық жастар бір ай көлемінде түрлі қайырымдылық жұмыстарымен айналысты. Олар қарттар үйі мен балалар үйінде рухани кеш ұйымдастырып, «Жүректен жүрекке» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға материалдық көмек көрсетті.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы жастарымен бірге балдың халықаралық деңгейін айқындайтын Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Индонезия, Венесуэла елдерінен дебютанттар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, «ONE WORLD – ONE LIFE» жобасы еліміздің танымал, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтеді. Кеште дебютанаттармен бірге отандық және халықаралық танымал жұлдыздар өнер көрсететін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109