7316

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер кілттерін табыстау жалғасуда

Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша үміткерлерге күніне 50-ге жуық пәтер кілті табысталып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс істейтін жастарға арналған жекешелендіруге құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй бағдарламасымен екі бөлмелі – 202, бір бөлмелі – 848 пәтер берілген болатын.

Тұрғын үй қоры мамандарының хабарлауынша, күніне орта есеппен 50-ге дейін кілт табысталуда, қаңтар айының соңына дейін бағдарламадан өткен жастардың барлығы пәтермен қамтылады.

«Қазіргі таңда жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша 1050 жасқа пәтер кілттерін беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жастарды қабылдау Zhilfond.kz сайтындағы кілттерді табыстау кестесіне сәйкес жүргізілуде», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Аталмыш бағдарлама жастарға өзінің жеке меншік үйінің бастапқы жарнасын жинақтауға мол мүмкіндік береді.

«Осы бағдарламаға қатысуға өтініш бердім. Шыны керек, пәтер иесі болатынымына сенімді болған жоқпын, бірақ тізімнен өзімнің аты-жөнімді көргенде өте қуандым. Қазір, міне 1 бөлмелі пәтерде тұрып жатырмыз. Енді осы 5 жыл ішінде ақша жинап болашақта үлкен баспана аламыз деген ойдамыз», - деді жалдамалы баспана иегері Назгүл Тоқжұман.

Айта кетсек, жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы 2020, 2021 жылдары да жалғасатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109