8945

Нұр-Сұлтанда Халықаралық қар күні атап өтіледі

Елордада қар күні мерекесі 19 қаңтарда сағат 12.00-де Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік трассасында өтеді. Іс-шара аясында 18 жасқа дейінгі балалар арасында шаңғы тебуден жарыс, сырғанақтар мен өзге де ойын-сауық түрлері ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл күн Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) бастамасы бойынша жыл сайын қаңтар айының үшінші жексенбісінде әлемнің 40-тан астам елінде тойланады. Мереке мақсаты – адамдардың, әсіресе балалардың қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру.
Шара ҚР шаңғы жарыстарының Ұлттық Федерациясы мен қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылды.
«Біз үшін осындай іс-шаралар өте маңызды. Сол арқылы балалардың спортқа деген сүйіспеншілігі артып, әрбір балақай өзін нағыз чемпион ретінде сезінеді. Ал біз үшін болашақ чемпиондарымыздың әлеуетін ашу, оған спорттың қызықты, көңілді екенін көрсету парыз. Себебі, спорт тек қуаныш қана емес, денсаулық та сыйлайды», - деді «ҚР шаңғы жарыстарының ұлттық федерациясы» ҚБ бірінші вице-президенті Никита Девяткин.
Жас шаңғышылар мен жанкүйерлерді көңілді жаттығулар, дискотека, ойын старттары, «бананда» және «тюбингте» сырғанау күтуде. Қажет болған жағдайда қатысушыларға спорттық жабдықтар (шаңғы, аяқ киім, таяқша) тегін беріледі.
«Әрине, біз серіктестерімізге ризамыз, олардың қолдауы осындай іс-шараны ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Менің ойымша, мемлекеттік органдар мен мен бизнестің спорттың дамуына бірге үлес қосуы жақсы үлгі болып табылады.Бұл арқылы біз балалардың дамуына жағдай жасаймыз. Тек дені сау әрі мықты ұрпақ қана гүлденген қоғам құра алады», - деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбек-ұлы.
Жарыс қатысушылары жеті жас тобы бойынша бөлінеді. Әрбір топ үшін шаңғы тебудің өзіндік қашықтығы мен пән түрі анықталады. Алты және одан кіші жастағы қатысушылар шаңғымен 120 метрді сырғанап өтуі тиіс, ал 16-18 жас аралығындағы ұлдар 5 шақырымды бағындырса, қыздар 3 шақырымдағы қашықтыққа жарысатын болады.
Барлық қатысушыларда тіркеуден өту үшін жеке басын куәландыратын құжат болуы шарт. Іс-шара өткізілетін ауданда шаңғы құралдарын жалға беру пункті жұмыс істейді. Жарысқа шыңғымен сырғанай алатын кез келген адам қатыса алады.

Этот день ежегодно отмечается в предпоследнее воскресенье января более чем в 40 странах мира по инициативе Международной лыжной федерации (FIS). Цель праздника – приобщение людей, прежде всего детей, к зимним видам спорта.

Организаторами мероприятия выступили национальная федерация лыжных гонок РК и акимат столицы.

«Для нас очень важны такие мероприятия, именно они помогают привить детям любовь к спорту, ведь в каждом из них живет самый настоящий чемпион и перед нами, взрослыми, стоит задача раскрыть потенциал этого чемпиона, показать ему, что спорт – это интересно и весело, что он поможет достичь любых вершин, подарит не только радость, но и здоровье»,- говорит первый вице-президент ОО «Национальная федерация лыжных гонок» Никита Девяткин.
Юных лыжников и болельщиков ждут веселая разминка, дискотека, игровые старты, катание на банане и тюбингах. В случае необходимости участникам соревнований будет предоставлен спортивный инвентарь (лыжи, ботинки, палки) на бесплатной основе.

«Конечно, мы благодарны нашим партнерам, именно их поддержка позволила организовать такое мероприятие. Я считаю, что это прекрасно, когда государственные органы и бизнес вместе содействуют развитию спорта, ведь лучшая инвестиция – дети, только здоровое и сильное поколение может построить процветающее общество», - сказал заместитель акима Есильского района Дарменияр Кыдырбек-улы.

Участники соревнований будут поделены на семь возрастных групп для мальчиков и девочек. Для каждой группы определена своя дистанция забега и вид дисциплины: масс-старт, ски-кросс, гонка на выбывание. Самым маленьким участникам от шести лет и младше предстоит преодолеть на лыжах 120 метров, а самые старшие юноши в возрасте от 16 до 18 лет попробуют свои силы в гонке на выбывание на 5 км, их сверстницы будут соревноваться на дистанции в 3 км.

Всем участникам для прохождения регистрации необходимо иметь при себе документ, удостоверяющий личность. В районе проведения мероприятия будет работать пункт проката лыжного инвентаря. Принять участие в лыжном забеге могут все желающие, нужно только иметь навыки катания на лыжах и не иметь противопоказаний по состоянию здоровья.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109