2862

А. Көлгінов: "Біздің міндетіміз – қолжетімді баспанаға кезекте тұрған азаматтардың санын барынша азайту"

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қолжетімді тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың мәселелерін талқылады. Қала әкімі Алтай Көлгінов бірінші кезекте қолжетімді баспана пәтер алуға кезекте тұрған азаматтарға берілетінін айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемі 3 есеге артады. Қолжетімді тұрғын үй бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек азаматтарға, толық емес, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және халықтың басқа да әлеуметтік топтарына беріледі. Оның ішінде медициналық ұйымдардың қызметкерлері, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлер бар. Осы орайда тұрғын үй құрылыс жинақ банкі маңызды функцияны атқарады. Мәселен, өткен жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10,5 мыңнан астам салымшысы өз пәтерлеріне ие болды", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова атап өткендей, банк жүйесіне сәйкес клиенттер 3,5% - дан 5% - ға дейінгі мөлшері бойынша тұрғын үй сатып алуға несие алуға мүмкіндіктері бар. Нұр-Сұлтанда банктің 215 мың салымшысы бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109