«Гарант» тұрғын кешені жазда тапсырылады - қала әкімінің орынбасары
Бүгін елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелері қиылысында орналасқан «Гарант» тұрғын кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл тұрғын кешеннің құрылысы 2011 жылы басталған еді. 2015 жылдан бастап проблемалық үйлердің санатында тұр.
Қазіргі таңда осы нысанда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта кешен аумағында абаттандыру жұмыстары басталмақ.
-Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз.
Мұнда 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда біз елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз,-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz