Астананың бірқатар үйлері екі күн бойы ыстық сусыз қалмақ
Келесі аптада Астананың бірнеше тұрғын үйлерінде ыстық су
тоқтатылмақ. Бұл жайында astana.kz сайтына «Теплотранзит» АҚ хабарлады.
« 2013 жылдың 11-12 маусым күндері жылу магистральдеріндегі дайындық пен тығыздықты сынап көру мақсатында елорданың кейбір үйлерінде ыстық су тоқтатылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ыстық су қызметі Абылайхан даңғылы, Жансүгіров, Қажымұқан, Ташенов, Кравцов, Таха Хусейн, Бараев көшелері, Есіл, Мақын, Ақкент, Астрахан, Балхаш сынды қысқа көшелер, Тұран даңғылы, Ақын Сара, Ақжүніс, Тұмар ханым, Айғаным, Жұбан ана, Ләйлі Мәжнүн, Домалақ ана, Аягөз, Сарыарқа, Қалқаман, Ғарышкерлер көшелері, Қабанбай батыр даңғылы, Қорғалжың тас жолы, Алатау шағын ауданы, Уәлиханов, Тархан, Асан қайғы, Иманов, Бейсекбаев, Кенесары көшелерінде тоқтатылады.
«Астана- Теплотранзит» ПИК және ПК өкілдері, ұйымдар мен кәсіпорындардың жетекшілері ыстық су жабдықтарын жүйеден ағытып, кезекшілік ұйымдастыру қажет екендіктерін атап өтті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz