2647

Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері елорданың тосқауыл бекеттерінде

19 наурыздан бастап көлік бақылау департаментінің қызметкерлері полиция және медицина мамандарымен бірге тосқауыл бекеттерінде жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресим сайты.

30 наурызға дейін КБД қызметкерлері алты тосқауыл бекеттерінде (Нұр-Сұлтан қаласы және Жібек жолы, Қоянды, Ильинка, Талапкер, Қосшы ауылдары маңында) жұмыс істеген. Бүгінде олар Жібек жолы бекетінде сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін, Қоянды және Көкшетау бекеттерінде сағат төрттен түнгі бірге дейін қызмет көрсетеді.

Жұмыс кестесі ауысымды. Жұмыс уақыты басталар алдында медбикелер барлық қызметкерлердің дене қызуын өлшейді. Бекеттердің өздері арнайы залалсыздандыру құралдарымен жабдықталған.

«Коронавирусты болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру аясында біздің қызметкерлер құқық қорғау органдары және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасауда. Олар адамдардың қалаға өтуі мен шығуын, олардың мекен-жайын, тіркелген жерін, қайдан келе жатқанын, себебін және т.б. тексереді. Сондай-ақ жеңіл көлік, жолаушы және жүк тасымалдайтын көліктерді, олардың ТЖ кезеңінде жүріп-тұру үшін рұқсат қағаздарының болуын тексереді. Барлық қызметкерлерге нұсқау берілді. Біз өз кезегінде оларға барлық қорғаныс құралдарын, яғни бетперде, қолғаптар және антисептикалық құралдарды бердік», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық көлік бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

КБД менеджері Қасиет Байғазыұлы, адам ең көп өтетін бекеттердің бірі – Жібек жолы ауылы маңындағы тосқауыл бекетінде жұмыс істейді.

«Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Әрине, қорқыныш бар. Бірақ мұнда біз басқа қызметкерлермен бірге бір жұмыс атқарамыз. Біз тосқауыл бекеттерінен өтетін адамдарға кеңес беріп, анықтамаларын тексереміз. Әрбір азаматқа бара жатқан жеріне жетуге көмектескіміз келеді», – дейді Қ.Байғазыұлы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109