3794

Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің 25%-ын сүру қалды - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Құрылысы 2004 жылы басталған "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің 75%-ы сүрілді. Тұрғын үй кешенінде 500-ден астам үлескер бар. Үйдің техникалық тексерісі ғимараттың апатты екенін көрсетті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аталған тұрғын үй кешенін сүру қарқынымен танысты.

"Қыс қарлы, боранды болды. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кешенін тез арада сүруге мүмкіндік бермеді. Коронавирус инфекциясының пандемиясын ескере отырып, жұмыс қарқыны төмендеді. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Жаңа тұрғын үй кешенін салып бастау қажет. Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Нысанда санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жобасының жетекшісі Алиакбар Үмбеталин құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданғанын айтты. "Бұл үй пайдалануға берілген жағдайда, ғимарат құлап, ал тұрғындар астында қалар еді", - деп атап өтті.

2020 жылы елорданың құрылысы ұзаққа созылған нысандарының саны 20-ға азаяды. 7800 үлескер пәтерін алып, құжаттарын ресімдей алады. Былтыр 2,5 мың үлескер бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109