2465

Елордалық кәсіпкерлер несие бойынша субсидия мен кепілдікті қалай ала алады?

Толық ақпаратты алу үшін «Даму» қорына жүгіну қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ШОБ нысандарына қаржылай қолдау көрсету үшін қалада мемлекеттік және жергілікті бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарламалар туралы Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті қорғау басқармасында айтып берді.

«Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында салалық шектеуге қарамастан (тек сауда саласынан басқа) келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

– екінші деңгейлі банктер, лизингтік компаниялармен берілген қаржылық лизинг шарттары, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

– банктік қарыздар бойынша жартылай кепілдік.

Сауда субъектілері үшін айналым қаражатын толықтыруға 100 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде субсидияланған несиелер ғана ұсынылады.

Бағдарлама аясында шағын және орта бизнеске несиелер екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемемен (НБ базалық ставкасы + 5%) 7 млрд. теңгеге дейін беріледі. Оның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Сондай-ақ 1 млрд. теңгеден аспайтын несиелер бойынша 85% кепілдік қарастырылған.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында:

– жылына 6% ставкасымен 8 мың АЕК дейін несие беру;

– 85%-ға дейін несиеге кепілдік беру;

– жаңа бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 200 АЕК дейін мемлекеттік грант беру.

Сондай-ақ «Астана бизнес-2» несиелендірудің өңірлік бағдарламасы жұмыс жасауда. Оның аясында салалық шектеусіз, бастаушы кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге жылдық 8,5%-бен 100 миллион теңгеге дейін несие беріледі.

«Толық ақпарат алу үшін Мәңгілік ел даңғылы, 55А мекен-жайында орналасқан «Даму» КҚК» АҚ және Қошқарбаев көшесі 29 мекен-жайындағы «iQala» қалалық қызметтер орталығына жүгінулеріңізді сұраймыз», -– делінген инвестициялар және кәсіпкерлік дамыту басқармасының хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109