5668

Нұр-Сұлтанда карантин жағдайында сауда ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер мен мейрамханаларды ашуға дайындық қалай жүруде

Нұр-Сұлтанда әкімдіктің мобильді тобы СЭС қызметкерлерімен бірлесіп, кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға дайындығын тексерді. Сапар барысында олар сауда ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, базарлар, мейрамханаларды және т. б. аралады.

 Нысандар барлық қызметкерлер мен келушілер үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті.

 «Бизнес басшылары өз қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті: бұл медициналық маскалар, қолғаптар, егер жұмысқа қажет болса қалпақтар мен халаттар. Келушілер арасында 2 метр қашықтық сақтауды бақылау маңызды. Сондай-ақ кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге антисептиктер болуы тиіс», – деп атап өтті инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

 Елордалық кәсіпкерлерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Өйткені жұқтыру қаупі әлі де сақталады.

 «Карантин талаптарына байланысты, қызметкерлер жұмысқа келгенде, біз дене температурасын өлшеп, журналға жазамыз. Содан кейін оларға жаңа медициналық маскалар мен қолғаптар, бас киімдер мен халаттар беріледі. Әр сағат сайын бактерицидті шамдарды қосамыз. Қазір бізде аспаздардың саны шектеулі. Біздің курьерлеріміз әр жеткізуден соң сөмкені міндетті түрде антисептикпен өңдейді», – деді елорда мейрамханаларының бірінің директоры Аида Әділбаева.

 Кейбір кәсіпкерлер қолданылған маскалар мен қолғаптарға арналған арнайы урналар және барлық келушілердің дене температурасын жанаспай өлшеуге мүмкіндік беретін температураны калибрлейтін инфрақызыл камералар орнатты.

 «Барлық кіреберістерде антисептик орнатылды. Сауда орталығына бетпердесіз кіру шектелген. Температураны жанасусыз өлшейміз. Пилоттық нұсқа ретінде температура калибрлеу инфрақызыл камералар, сондай-ақ жеке қорғану құралдары үшін арнайы урналар қойылды». Келесі рұқсат ету кезеңдерін күтудеміз» – деді «Ханшатыр» сауда ойын-сауық орталығының операциялық директоры Темірбек Шоқанов.

 Сондай-ақ, тексеру барысында кәсіпкерлер кәсіпорын жұмысын біртіндеп қалпына келтіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ұсыныстар қаралатын болады.

 Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сәйкес 18 мамырдан бастап бірқатар нысандар өз қызметін біртіндеп жаңартады: қонақ үй кешендері, қоғамдық орындар (сыйымдылығы 30 орынға дейін), жазғы тынығу орындары (кафе/мейрамханалар), діни ғибадат нысандары (толтырылуы 30%-дан аспайды). Басты талап – санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Талаптар бұзылған жағдайда нысандар жабылатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109