2324

Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты

Биыл Нұр-Сұлтанда 8 мың үлескері бар 20 үй пайдалануға беріледі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы барысымен танысып, үлескерлермен әңгімелесті.

""Алтын шар", "Бағыстан" сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысымен айналысатын "GLB" комбинатының кәсіпорын қызметкерлерінің алдында 600 млн теңгеден астам қарызы бар. Кредиторлар алдында да қарызы бар. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар мәселелер шешілді. "GLB" комбинаты осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жұмысты атқармаған.

Осы шаралардың барлығын үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Мақсатымыз - үлечкерлерге пәтер кілттерін табыстау.

Әкімдіктің ресми сайтында жосықсыз құрылыс салушылардың аттарын жариялаймыз, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер қабылданды. Бірақ қала тұрғындары құрылыс салушылар туралы барлық мәліметтерді тексеріп, рұқсат құжаттарының және т. б. болуын сұрауы тиіс", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Бағыстан","Алтын шар" үйлері биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, "GLB" үй құрылысы комбинаты әлеуметтік тұрғын үй құрылысына тартылды. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109