3684

Нұр-Сұлтанда 15 жылдық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған нысанда құрылыс жұмыстары басталды

Фото Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда 2004 жылдан бері салынып жатқан "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінде сүру жұмыстарымен қатар құрылыс жұмыстары да басталды.
Көппәтерлі тұрғын үй кешені 6 блоктан тұрады. Үйді техникалық тексеру ғимараттың апатты екенін көрсетті. Үйдің құрылысы аяқталған жағдайдың өзінде ұй құлап қалатын еді.

"Бұл проблемалы нысандардың бірі. 2005 жылдан бастап пәтерлерді сату басталды,сол уақыттан бастап үйлер тұр. Қазір үйді сүріп бастадық. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары да басталды. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Осы үйден басқа Қазақстанда 2005 жылдан бері тұрған бірде - бір құрылыс жоқ", - деді "NAK Development" ЖШС директоры Серік Қасенбеков.

Үлескерлердің саны 500-ден астам адам. Үй "Елорда құрылыс компаниясының" қолдауымен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынады.

"15 жыл ішінде көп нәрсе болды. Кейбір үлескерлер қазір өкінішке орай аоамызда жоқ. Балалар өсті. Өз отбасылары бар. Қазір құрылыс жұмыстарының қайта жанданғанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта өз пәтерлерімізге барамыз деп үміттенеміз", - деді ТК үлескері Анара Серкебаева.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2020 жылы 8 мың үлескері бар 20 тұрғын үй кешені пайдалануға берілетінін айтты. Өткен жылы 10 ТК пайдалануға берілді – бұл 2,5 мың үлескер.

"Ел басшылығының тапсырмасына сәйкес әр үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. "Алтын шар", "Бағыстан" сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысымен айналысатын "GLB" комбинаты осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жұмысты атқармаған. Комбинаттың кәсіпорын қызметкерлерінің алдында 600 млн теңгеден астам қарызы бар. Кредиторлар алдында да қарызы бар. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар мәселелер шешілді. Осы шаралардың барлығын үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Фото Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109