3461

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында елорданың 2,5 мыңға жуық тұрғыны жұмысқа орналасты

Жол картасы жұмыссыздықпен күрестің тиімді құралына айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде елордада «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2410 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 91 ұйыммен ниет хаттамасы жасалып, 87 жоба бойынша жұмыстар басталды.

Бос орындар 91 жұмыс берушімен ұсынылған.

Бұрын хабарланғандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында елордада 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Олардың жартысы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы өтеді.

Елорда тұрғындары түрлі бағыттар бойынша басталған 87 инфраструктуралық жобаға жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 117 инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыспен қамту жол картасы жобаларына кадрлар іріктеуде. Бос жұмыс орындары enbek.kz электронды еңбек биржасында қолжетімді болады. Олар құрылыс, жөндеу, абаттандыру салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, қызметкерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекрут пункті құрылды. Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 57-88-89, 72-93-62. Толық ақпарат жұмыспен қамту орталығының (cz.astana.kz) ресми сайтында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109