4539

Әлеуметтік осал топтағы бизнесмендерге конкурс жарияланды

В столице объявлено о начале онлайн-приема заявлений посредством электронной почты для участия в конкурсе на получение права субаренды на земельные участки для размещения объектов уличной торговли среди субъектов предпринимательства, относящихся к социально уязвимым слоям населения, по квоте, передает официальный сайт столичного акимата.

Елордада халықтың әулеуметтік осал топтарына жататын кәсепкерлік субъектілері арасында квота бойынша көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер телімдеріне қосалқы жалға алу құқығын алу конкурсына қатысу үшін электронды пошта арқылы өтінімдерді онлайн-қабылдау басталғаны жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өтінімдер 10.06.20 ж. бастап 29.06.20 ж. дейін d.mustafina@atameken.kz электронды поштасына қабылданады, тел. 8(7172) 91-90-84.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында квота бойынша 9 жер телімін комиссиялық бөлу құқығы берілді.

Жер телімдерін алуға арналған өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі (өтінімнің формасы қоса беріледі):

1) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талонның және хабарламаның (куәліктің) көшірмесі;

2) өтінім берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);

4) жеке кәсіпкердің ағымдағы шотының болуы туралы банктен анықтама;

5) өтінім беру сәтінде салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

6) өтінім берушінің халықтың әлеуметтік осал тобына жататынын растайтын құжат;

7) қысқаша сипаттамасы және/немесе тұсаукесері бар қатысушының жобасы.

Конкурсқа қатысу үшін тек қана заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал тобыына жататын жеке кәсіпкерлер жіберіледі.

Регламент бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

6) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр анна» атағын алған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

8) аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарындағы толық емес отбасылар;

9) көп балалы жалғыз басты аналар.

Өтініш берушіге мына жағдайларда арызын қанағаттандырудан бас тартылады:

1) қажетті құжаттарды ұсынбау немесе Регламенттің 9-тармағында көрсетілген дәйексіз және/немесе толық емес мәліметтерді ұсыну;

2) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесін қосалқы жалға алуға құқығы жоқ тұлғаның өтінім беруі;

3) «Astana» ӘКК қалыптастыратын жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұлғаның болуы.

Қатысушы комиссияның онлайн отырысы барысында өзінің жобасын таныстырады және оны іске асырудың мақсаттары мен жоспарлары туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды. Презентацияны өткізу регламенті бес минуттан аспайды.

Конкурс жеңімпазы қосалқы жалға алу шартын жасау үшін екі жұмыс күні ішінде Нұр-Сұлтан Кәсіпкерлер палатасына 50 АЕК мөлшерінде кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатын ұсынуы тиіс.

Жеңімпаз қосалқы жалдау шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қосалқы жалдау шартын жасасу құқығы екінші жеңімпазға ауысады.

Қосалқы жалдау шартымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

СOVID-19 ауруын жұқтырған адам санының өсуіне байланысты өтінімдер онлайн режимде қабылданады, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына келудің қажеті жоқ.

Жер телімдерінің тізімі: 

№ п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Ауданы, га

1.    

Бейбітшілік көшесі, № 31 үй ауданы

Техникалық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес объектісін орналастыру С (НО) -0803

0,0021

2.    

Шалкөде көшесі, № 1 үй ауданы

 

Тұрмыстық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес объектісін орналастыру А (НО)-0808

0,0016

3.    

Шалкөде көшесі, № 1 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0807

0,0016

4.    

Абылайхан көшесі, № 36 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0806

0,0012

5.    

Қ. Әзірбаев көшесі, № 8 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0823

0,0012

6.    

Алтынемел көшесі, № 6 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0772

0,0009

7.    

Ақжол көшесі, № 22 Б үй ауданы

Азық-түлікті (нан-тоқаш, сүт, шұжық өнімдері) сатудың стационарлық емес объектісін орналастыру

Б (НО) - 0757

0,0012

8.    

Қобланды батыр көшесі, № 7Л үй ауданы

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0766

0,0009

9.    

Ж.Досмұхамедұлы көшесі, № 6 үй ауданы

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0758

0,0015

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109