3846

Нұр-Сұлтанда кәсіпорындардың санитарлық норманы сақтауы бойынша рейд жалғасуда

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейдтер жүргізеді. Рейд барысында қонақ үйлер, базарлар, мейрамханалар мен дәмханалар және т.б. көпшілік орындар тексерілді.

"Бүгінгі таңда біз елордалық бас санитарлық дәрігер қаулысының сақталуына мониторинг жүргізудеміз. Осы уақыт аралығында Сарыарқа ауданындағы 300 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 100 нысанда санитарлық шаралар сақтамаған. Нысандар бұл олқылықты түзеткенге дейін жабылды. Кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізілді. Нысандар
саннормаларды қатаң сақтауға міндетті: кіре берісте санитайзерлер (антисептиктер) болуы тиіс, қызметкерлер мен клиенттер бетперде кию керек. Сондай-ақ үстел арасындағы 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Келушілер маска тағып жүруі қажет",-деп атап өтті Сарыарқа аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Нұран.

Егер келуші жоғарыда аталған ережелердің сақтамалмағанын байқайтын болса, 109 нөміріне хабарласуға немесе Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының кез келген бөлімшесіне қоңырау шалып немесе өтініш/шағым жаза алады.

"Барлық жауапкершілікті сезініп, саннормаларды сақтайтын азаматтар бар. Алайда, саннормалар мен талаптарды елемейтіндер де кездеседі. Біз жеткілікті мөлшерде антисептик сатып алдық. Кіре берісте қонақтар мен қызметкерлер қолын өңдей алады. Барлық жерде желдету жүйесі қондырылған. Барлық құрал-жабдықтар, оның ішінде үстелдер мен орындықтар арнайы сұйықтықпен өңделеді", - дейді "Избушка" асханасының әкімшісі Гүлжаухар Биғалиева.

Кәсіпкерлер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс, өйткені індетті жұқтыру қаупі әлі де сақталады. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда, нысандар өз жұмысын тоқтатады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109