Елорда күні қарсаңында "ҚұттықTIMES Astana" концерті өтті
Концерт карантин кезінде өткізілгендіктен, шара барлық санитарлық нормалар ескеріле отырып ұйымдастырылды, деп хабалайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ел астанасы күні қарсаңында Нұр-Сұлтан әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы қала тұрғындарын "ҚұттықTIMES Astana" бағдарламасымен құттықтады.
Мерекелік шара ерекше форматта өтті. Есіл өзені жағалауында серуендеп жүрген қала тұрғындарына арнап үрмелі оркестр кеме үстінде өнер көрсетті. Осылайша концерт карантин кезінде көрермендерге бір орында жиналуға мүмкіндік бермеді.
Концертте Нұр-Сұлтан әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері, сондай-ақ симфониялық және үрмелі оркестр ұжымы өнер көрсетті.
"Амангелді маршы", "New blood – By nat mcintosh", "Birdland-Weather Report", "Calypso bob-Howard rowe", "Stevie Wonder Medley-Stevie Wonder", "Г. Гурьянов " Құдаша-дикси", " Қазақтай ел қайда?!" және басқа да көптеген әндер ашық аспан астында шырқалды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz