3154

Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде

Биыл елордада 150-ге жуық аула абаттандырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, ішкі орамдық жолдарды жөндеу мен жарықтандыру жұмыстарына айрықша мән берілуде. Қазір қала аумағында 1560 аула бар. Олардың шамамен 70 пайызы абаттандырылған. Бұл жұмыстар қаланың барлық аудандары бойынша қарқынды жүруде.

Биыл 150 аула мен 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Атап айтқанда, Сарыарқа ауданында – 40, Алматы ауданында – 33, Байқоңыр ауданында – 70, Есіл ауданында – 20 аула абаттандырылып, тұрғындар игілігіне беріледі.

Бұл ретте аула аумақтарын, ойын алаңдарын жасау азаматтардың пікірлерін ескере отырып жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Ол үшін биыл барлық бағыттарда «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Яғни, қай ауланы абаттандыру керек және балалар алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өздері шешеді.

Айталық, Сарыарқа ауданында жөндеу жоспарланған 40 ауланың 13-і «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша жүзеге асуда.

Есіл ауданында да биыл 20 жаңа аула салынады. Сондай-ақ 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылуда.
«Аула аумақтарын абаттандыруда барлық заманауи стандарттар ескерілген. Қолданылатын материалдар сертификатталған. Спорт алаңдарында қауіпсіз резеңке төсемдер, жаттығу кешендері орнатылды. Сондай-ақ аумағы бойынша сәйкес келетін аулалардың барлығына футбол, волейбол және баскетбол алаңдары салынуда. Ал шағын сәулеттік нысандарды орнатқан кезде жарақат алу жағдайын болдырмас үшін жеке қауіпсіздік аймағы ескеріледі», – дейді мамандар.

Ал Байқоңыр ауданында 20 ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

«Аудан бойынша биыл 70 ауланы қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар тұрғын алаптары да абаттандырылуда», – дейді Байқоңыр ауданының абаттандыру бөлімінің бастығы Нұрбол Айтбеков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109