4261

Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды

Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды.

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид».

Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды.

Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды.

«Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар.

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109