3198

Елорда полицейлері екі күн ішінде 10-ға жуық дәрі-дәрмек түрін тәркіледі

Дәрі-дәрмектердің жалпы құны 6 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тәртіп сақшылары жалпы 4,7 мың дәрі таблеткасын, 2 мыңнан астам флакон мен 400 капсула, 80 градусник, 26 мыңнан астам маска мен 3,5 мың медициналық киім түрлерін (халаттар, қолғаптар, бас киімдер, көзілдіріктер және т.б.) тәркіледі.

Жүргізілген есеп бойынша, тәркіленген заттардың жалпы сомасы 6 млн теңгеден асады.

6 шілде күні жедел-профилактикалық шара барысында Қошқарбаев көшесінде «Тойота Камри» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі ұсталды. Оның жүк салғышынан «Цефтриаксон», «Цефазолин», «Суламед», «Азитромицин», «Ингаверин», «Эуфиллин», «Ледокаин» және т.б. медициналық препараттардың ірі партиясы табылды. Айыптталушы азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі рет сотты болғаны анықталды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері сауда орталығы тұрағында қажетті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектерді сатпақшы болған 30 жасар әйелді ұстады.

Бұдан басқа, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында бақылау кезінде «Ледокаин», «Эргоферон», «Парацетамол», «Цефазолин», «Калетра» және т.б. тапшы дәрілік препараттарды сатқаны үшін 40 жастағы әйел ұсталды.

Сонымен қатар қалалық дәріханаларға тексеру жүргізіліп, бірқатар дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілгені анықталды.

Нұр-Сұлтан полициясы азаматтардан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда, жақын жердегі бөлімшеге немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109