3239

Нұр-Сұлтан әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға кірісті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов COVID-19-ға қарсы шараларды күшейту, жұмыс орындарын құру, ШОБ қолдау, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша жобаларды жүзеге асыру, қазынашылық вексельдер үлесін арттыру және елорданың басқа да мәселелері туралы қала активімен кездесті. Мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылып, Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста айтылған бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

Алтай Көлгінов Covid-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі уақтылы шараларды жүзеге асыру, науқастарға тиісті көмек көрсету, медицина қызметкерлерін қолдау және дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру қажетін атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша бірінші жартыжылдықта оң динамика байқалады.

Қала әкімдігі шетелдік инвестицияларды тарту және оларға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл бірінші жартыжылдықтағы инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105%-ға өсіп, 377 млрд. теңгеге жетті. Нұр-Сұлтан әкімі әкімшілік кедергілерді алып тастап, жоғары технологиялық жобаларды қолдау қажет екенін атап өтті. Мысалы, қолдауға ие жобалардың ішінде лифттер, құрылыс материалдары, полиэтилен құбырларын шығаратын зауыттар, жиһаз шығаратын фабрика, көтерме сауда орталықтарын, әлеуметтік нысандар салу және т.б. тұрғындар мен қала үшін қажет жобалар бар.

Жұмыспен қамтуға қолдау көрсетілуде – тек осы жылдың өзінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар экономиканың нақты секторында 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 121,5% құрады. Қалада 8 мың әлеуметтік пәтер салынады. Халықтың әлеуметтік осал топтары арасындағы кезек айтарлықтай азаяды. Бірінші жартыжылдықта тұрғын үйді пайдалануға беру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 134%-ға артты.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің көлемі 108,3%-ға, ШОБ өндіретін өнімнің көлемі 115%-ға артты.

Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары жұмысқа алынды және уақытында орындалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109