4428

Нұр-Сұлтан тұрғындары дәрігерлерден тегін бейне-кеңес ала алады

Бұл үшін Damumed қосымшасын пайдалану қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары үйден шықпай-ақ, бейінді медициналық мамандардан кеңес ала алады. Елорда емханаларының дәрігерлері Damumed қосымшасы арқылы тегін онлайн-кеңес береді. Қосымшаны Google Play немесе AppStore-дан жүктеуге болады.

«Қосымшаға тіркелу үшін ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсету, сондай-ақ құжаттың фотосуретін (жеке куәлік немесе паспорт) қоса беру қажет. Суретте ЖСН анық көрінуі тиіс. Осы деректерді жібергеннен кейін сіз тіркелген медициналық ұйымға өтініш түседі. Емхана қызметкерлері енгізілген мәліметтердің дұрыстығын және қоса берілген фотосуреттің сәйкестігін тексере отырып, өтінішті өңдейді. Егер бәрі сәйкес келсе, өтініш мақұлданады. Сіз көрсеткен нөмірге төрт таңбалы коды бар смс хабарлама келеді», – деп түсіндірді бағдарлама әзірлеушілері.

Басты терезеде тіркелгеннен кейін «Дәрігердің қабылдауына жазылу» бастырмасын басу қажет, әрі қарай төмендегі терезеде «Тегін қызметке жазылуды» таңдау керек. Дәрігерді таңдаған кезде, егер кесте қашықтан кеңес беру үшін қолжетімді болса, «Онлайн кеңес беру қолжетімді» деген жазуды көресіз. Өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдап, басыңыз. Содан кейін «Онлайн кеңес» қосқышын жылжытыңыз.

Кеңес беру кезінде дәрігерге сіздің алдыңғы қабылдауларыңыз туралы ақпарат қолжетімді болады. Қабылдау туралы ақпарат дәрігердің медициналық жазбасында сақталады. Арнайы медицина маманынан кеңес алу үшін, учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет.

«Қашықтан кеңес беру кезінде, науқас ұялы қосымшадан көре алатын және дәріханадан дәрі-дәрмек сатып ала алатын рецепт жазып бере аламыз. Сондай-ақ әр азамат ауруханалық парақтарды, зертханалық талдауларды, тексеру нәтижелерін көре алады. Барлық кеңестерді учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандар жүргізеді. Яғни емханаға тағы келудің қажеті жоқ. Барлығы бір қосымшада», – дейді № 9 қалалық емхананың невропатолог-дәрігері Светлана Королькова.
Қазіргі уақытта жүйеге елорданың 19 медицина мекемесі қосылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109