3731

Нұр-Сұлтанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Қаланың барлық тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, онсыз да қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында 107 инфрақұрылым нысандарында жұмыстар жүргізілуде. Қол еңбегіне сұраныс жоғары.

«Жұмыс күшінің тапшылығы, мамандар жетіспеушілігі байқалуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында келісімге қол қойылды. Қазір жұмыспен қамту орталығы бізге дәнекерлеушілерді, электриктерді, жалпы жұмысшыларды жіберуде. Біз оларды осы бағдарлама бойынша жұмысқа аламыз», – дейді ASTI компаниясының инженері Руслан Зулпикаров.

Электрик Максим Веселков ұзақ уақыт жұмыс таба алмағанын айтады. Достары оған жұмыспен қамту орталығына хабарласуға кеңес берген. Ол орталықта жұмыссыздық бойынша тіркеуге алынды.

«Біраз уақыттан кейін олар маған қоңырау шалып, осында жұмыс істеуді ұсынды. Маған жұмыс шарттары ұнады, медициналық тексерістен өтіп, құжаттарды күткендей тапсырдым. Қазір электрик болып жұмыс істеймін. Маған жұмыс ұнайды, жалақым уақтылы. Арнайы жұмыс киімі берілді», – дейді М. Веселков.

Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» (ЖҚЖК) іске асырылуда. Бүгінгі таңда 3929 адам жұмыспен қамтылды. 94 ұйыммен ниет хаттамалары жасалды. Қазіргі уақытта ЖҚЖК-да 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды елорданың Жұмыспен қамту орталығы.

«Құрылыс компаниясы ретінде біз үшін Жол картасы үлкен көмек. Бүгінде біз 70-тен астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз және мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біздің жұмысымыз одан да көп жұмыс күшін керек етеді, шамамен 80 адамға қажет. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысқа мұқтаждардың барлығынан жұмыспен қамту орталығына хабарласуды сұраймын. Біз құрылыс жұмыстарында бұрын-соңды істемегендерді де оқытып, кәсіби бағдар береміз. Қазір олар да табысты жұмыс жасауда», – деді Р.Зулпикаров.

Елорданың барлық тұрғындары тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, онсыз да ЖҚЖК мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. Анықтамалық ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 57 88 88 немесе 8776 146-28-62, 8747-108-21-96, 57-88-89, 72-93-62, 57-89-37 телефондары арқылы алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109