3284

Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй көлемі 3 есе артты

2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық елорда тұрғыны қоныс тойын тойлайтын болады, деп хабалайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен елордада жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден астам (8 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша елордадағы қолжетімді тұрғын үйлердің көлемі 3 есе артқан, деп хабарлады қалалық құрылыс басқармасының құрылыс бөлімі басшысы Жан Мырзағали.

Сонымен қатар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін 1 200-ден аса пәтерді тапсыру жоспарлауда.
2019 жылы Нұр-Сұлтанда 1 634 пәтер, 141,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді және 1 599 пәтер, оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 1 050 пәтер берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109