5173

Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 40,5%-ға азайды

Нұр-Сұлтанда 5 шілдеден бастап енгізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40,5% – 1348-ден 793-ке дейін азайды. Сонымен қатар коронавирус стационарларына түскен науқастар саны 50,3%-ға азайды.

«Карантин шаралары, емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту және қала тұрғындарының санитария нормаларын қатаң сақтауы денсаулық сақтау жүйесіне, дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетті. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны екі еседен астам азайды – тәулігіне 2400-ден 1129-ға дейін (52,3%). Соның ішінде КВИ бойынша – күніне 350-ден 112-ге дейін.

Карантинге дейін, коронавирустың ауыр дәрежесімені науқастар медицина мекемелеріне бірінен соң бірі түсіп жататын – дәрігерлер физикалық, моральдық тұрғыдан өте ауыр тиді. Денсаулық сақтау мамандары әр науқас үшін соңына дейін күресті. Қазір ауыр науқастар саны азайды. Екі күн бұрын дәрігерлеріміз өкпесі 100%, 90% қабынған науқастарды емдеп шығарды. Азаматтардан карантин алынып тасталғаннан кейін де инфекцияның алдын алу үшін санитария нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз», – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Осылайша, КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67%-ды құрады – 9494 науқастың 6607-і сауығып шықты. Төсек-орын қорының жүктемесі 90%-дан 47%-ға азайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109