4-20 тамыз аралығында Ақан сері және №189 көшелерінде көлік қозғалысы толығымен жабылады
Көлік жүргізушілеріне бағдарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жол құрылысы жұмыстарына байланысты 4-20 тамыз аралығында Ақан сері (Орынбор) және №189 (Сейфуллин) көшелері толығымен жабылады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмас үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz