Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ермеков көшесінде Қарасақал Ерімбет көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол салу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған орай, 5-20 тамыз аралығында осы учаскедегі көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz