2279

Елордалықтар ашық аспан астындағы кинотеатрдан қандай фильм көре алады

Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда көпшіліктің көңілінен шыққан ашық аспан астындағы кинотеатр жобасы көрермендермен қайта қауышты. 17 тамыздан даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival қайта жанданып, қала тұрғындары мен қонақтары кинотеатрдан шетелдік немесе отандық кино картиналарды тегін тамашалай алады.

Фестивальде ұйымдастырушылар эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, ешқандай қатынассыз тіскебасарлар мен салқын шырындар жеткізуді қамтамасыз етеді.
“Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы, әлеуметтік арақашықтықты ұстанғаны жөн”,-дейді ұйымдастырушылар.

19 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:

20:30 «Путешественник» (режиссёры Нияз Абдигапар)

22:00 «Счастливое число 5» (Игорь Тувери)

20 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:

20:30 «Свадьба на троих» (режиссёры Асқар Бисембин)

22:30 «Мэнди» (режиссёры Панос Косматос)

21 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:

20:30 «16 қыз» (режиссёры Қанағат Мұстафин)

22:25 «Шпионская игра» (режиссёры Бен Луин)

22 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:

20:30 «Дети солнца» (режиссёры Нияз Абдигапар)

22:40 «Мы всегда жили в замке» (режиссёры Стэйси Пассон)

Аталған шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109