Қошқарбаев көшесі 23 тамызға дейін жартылай жабылады
Қошқарбаев көшесінде Құдайбердіұлы даңғылынан көлік қиылысына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары аясында жол құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Осыған байланысты 20-23 тамыз аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек», – деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz