2781

Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығы ашылды

Орталық әйгілі ойшылдың зияткерлік және шығармашылық мұрасын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында құрылған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралары аясында Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты өтті.

«Орталықтың ашылуы әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан орта ғасырдың ұлы ойшылы, энциклопедист және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани мұрасына деген құрметімізді көрсетеді. «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің философияға, логикаға, метафизикаға, жаратылыстану ғылымына қосқан үлесі орасан», – делінген хабарламада.

Оқу-тәрбие орталығын құрудағы мақсат – жер жаһанға әйгілі ойшылдың зияткерлік және шығармашылық мұрасын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру.

Оқу-тәрбие орталығында ғалымның сан түрлі қырын анықтайтын «Әл-Фараби және ғылым», «Әл-Фараби және грек ойшылдары» (Аристотель, Платон), «Әл-Фараби және өнер», «Әл-Фараби және тәрбие», «Әл-Фараби және Поэзия», «Әл-Фараби және шешендік өнер» бөлімдері бар.

«Бұл бағыттар бойынша оқушылар ғалымның медицина, астрономия, математика, геометрия, логика, пәлсапа, яғни, барлық ғылым саласында еткен еңбектерін жинақтап, ізденеді. Келешекте Әл-Фараби туралы деректі фильмдер, танымдық дүниелер дайындап, оның өмір сүрген кезеңіне қатысты тың деректерді осы орталыққа жинақтап, әйгілі ойшылдың қалдырған мол мұрасын насихаттау бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», – дейді Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Тұсаукесер аясында ғалым бюстінің ашылу рәсімі де өтті. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының аспаптық музыка бөлімінің оқытушылары белгілі композитор К.Күмісбековтің «Фараби сазы» туындысын орындады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109