3009

Шетелдіктер елордалық кәсіпкер шеберханасының зергерлік бұйымдарына қызығушылық танытуда

Бизнестің жол картасы аясында грантпен ашылған шайырлы зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар шеберханасы бүгінде жарнаманы қажет етпейді.

Әсел Катренованың зергерлік бұйымдары елорда тұрғындары арасында кеңінен танымал.

«Тұрақты клиенттер бар. Тіпті «Инстаграм» жүргізудің қажеті жоқ. Өйткені біз туралы ақпарат ауызша тарауда және бұйымдарымызды көргендер бір-біріне айтады», – дейді Әсел Катренова.

Ол өз өнімдерінің танымалдылығын ыждағаттылықпен түсіндіреді. Кәсіпкер жеке бизнесін бастамас бұрын барлық нюанстарды зерттеп, арнайы оқытудан өткен. Шайырмен жұмыс істеу өте ауыр, көп уақыт қажет етеді. Мұнда шайырды әр түрлі материалмен біріктірудің ерекше техникасының шеберлігі маңызды. Мысалы, Әсел шайырды ағаш, былғары, кептірілген гүлдермен біріктіреді.

«Шеберхана ашуды екі жыл бұрын ойлай бастадым. Содан кейін мен бірдеңе жасағым келді және зергерлік шайыр туралы білдім. Кәсіп ретінде шеберхана ашуды жоспарладым. Бірінші жылы оқыдым, үйрендім, тырыстым. Содан кейін бір досым әкімдіктің «Бизнестің жол картасы» бойынша гранттары бар екенін айтқан кезде, байқап көруге шешім қабылдадым. Яғни, мен бастапқыда өз ісімді бизнес ретінде жоспарладым. Тек қаржыны қайдан алуға болатынын білмедім, өйткені құрал-жабдық өте қымбат», – дейді кәсіпкер.

Әсел Катренова грант бойынша алған ақшаны Германиядан жабдық сатып алуға жұмсаған. Ал материалдар мен аксессуарларды Ресей, Қытай, Италиядан сатып алды. Іскер әйел өнім көлемін ұлғайтып, шетелге жеткізуді жоспарлап отыр. Бірегей зергерлік бұйымдарға Англия мен Германияда қызығушылық танытқандар бар.

«Бұл өнімге қызығатындар бар. Бұл олардың нарығында жоқ. Олар мұны сол жақта жүзеге асырғысы келеді. Яғни, мен әлемде сенімді, сапалы, ерекше қазақстандық өнімді танытқым келеді», – дейді іскер әйел.

Айта кету керек, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы Қазақстанда 2010 жылы іске қосылды. Оның бір бағытын әкімдіктер қадағалайды. Жергілікті атқарушы органдар бизнесті гранттармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Осылайша, Нұр-Сұлтанның инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы қазіргі уақытта гранттық қаржыландыруға өтінімдерді жинауда. Биыл гранттың сомасы екі-бес миллион теңге аралығында. Байқауға қатысу үшін үміткерлер uir-astana.kz сайтына өтініш жіберуі керек. Талаптар мен құжаттар тізімі осы ресурста көрсетілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109