2078

Елордада Конституцияның 25 жылдығына орай қандай іс-шаралар өтеді?

Конституция күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтсақ, 10-29 тамызда «Конституция бостандықтың кепілі» ән челленджі басталады.

14 тамыз күні Әл-Фараби атындағы оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты болады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 15-31 тамыз аралығында иллюстрациялық кітап – онлайн-инсталляция ұсынады.
Ал, 25 тамызда «Мен өз құқығымды білемін» атты балалар сурет сайысы өтеді. 26 тамызда Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ата заңым – ардағым» ақындар сайысы ұйымдастырылса, 28 тамыз күні «Наз» мемлекеттік би театры «Ата заң - елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты онлайн концерт қояды.

Сондай-ақ 28 тамызда «халық доп» бойынша «Елордалық балалар – спорттық ауысым» атты чемпионат онлайн форматта оздырылады. 29-30 тамызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған ЭМБ қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

«Жастар театры» 30 тамыз күні әлеуметтік желілер арқылы «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты онлайн-концерт тарту етеді. Дәл сол күні «Nomad» театры актерлері патриоттық әндермен онлайн құттықтау жолдайды.

30 тамызда елордалық филармония әртістері Астана концерт залында Конституция күніне арналған онлайн концерт өткізеді.

Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізу,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен қоғам белсенділерін марапаттау жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109