3400

Нұр-Сұлтанда абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Алтай Көлгінов Алматы ауданының бірқатар аулаларында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімі өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бүгін кешкілік аралау барысында Алматы ауданының бірқатар аулаларында (Абылай хан көшесі, 55, Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3) жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым.

Мысалы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3 бұрын батпақ жер ғана болды. Бұл мәселемен аудан тұрғындары жүгінді. Жаңа аула барлық жастағы тұрғындарға ыңғайлы: мұнда белсенді спорт түрлерімен айналысуға, футбол ойнауға болады. Үлкен кісілер немерелерімен уақыт өткізе алады. Бұдан басқа, осы ауданның аумағында алдағы уақытта тағы да бірқатар тынымбақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Алматы ауданында биыл абаттандырылған аулалар саны 33 болса, қала бойынша барлығы 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік.

Сондай-ақ, №37 «Арман» балабақшасына (Алматы ауданы) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Балалар қауіпсіз жерде тәрбиеленуі керек. Биыл 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз.

Аулаларды, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға, нысандарды жөндеуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы айтарлықтай көмектеседі. Ол бойынша бірқатар көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне күрделі жөндеу жүргіземіз: қасбетті нығайтамыз, шатырды, лифтілерді ауыстырамыз, кіреберістерді жөндейміз және т. б.», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109