5104

Нұр Сұлтанда Конституция күніне орай кеме үстінде концерт және ақысыз кинотеатр ұйымдастырылады

Ұйымдастырушылар барлық келушілер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді ұстануы керек деп ескертеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай елордада бірқатар концерттер мен іс-шаралар өтеді деп күтілуде.
Мәскеу филармониясы ұжымы бірден екі концерт қояды. Біреуі «Астана» концерт залының сахнасында көрерменсіз өтеді. Концерт «Kazakh TV» арнасында «Хабар» телеарнасының қолдауымен 30 тамызда сағат 20: 35-те көрсетіледі.

Екінші концерт кемеде 31 тамызда сағат 12: 00-ден 15: 00-ге дейін болады. «Есіл Астана» кеме қатынасы компаниясы моторлы кемені ақысыз арнайы берген. Қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауындағы отандық және шетелдік авторлардың әртүрлі туындыларын тыңдай алады, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының әлеуметтік желілерінен тікелей эфирде тамашалауға болады.

Концерттік бағдарламада отандық және шетелдік авторлардың үздік туындылары орындалатын болады. Олардың қатарында Абайдың «Айттым сәлем қаламқас», Т.Мұхамеджановтың «Город» және «Отан», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Н.Тілендиевтің «Той сапар», Б.Сартаевтың «Тәуелсіз елім», С. Әбдінұровтың «О, Далам», Д.Отаршынованың «Бейтаныс қыз», М.Бердіғұловтың «Құлагер», Б.Тәжібаевтың «Туған жер », С.Еркімбековтың «Дархан дала», К.Едресовтың «Атамекен», Е.Хасанғалиевтың «Айналдым елім» және т.б.
Мерекелік концертке симфониялық оркестр, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің кавалері Айгүл Қосанова, мәдениет қайраткерлері Ақбота Құснадин мен Күнсұлу Тұрлыбекова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов пен Рүстем Жүгінісов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Көркем Шолошова, Алтынбек Әбілда, Бибігүл Тыныштық, Дихан Ильяшев, Сәулежан Таузия, Айдын Жұмабаев, Дәстүр Асылхан, Дос, Диана Маева, Мұратбек Хайролда, Арайлым Әшімханова қатысады.

Сондай-ақ, 30 және 31 тамызда «Nur-Sultan Autocinema Festival» ашық аспан астындағы автомобиль кинотеатры форматында танымал отандық және шетелдік фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді. Ол «Астана Арена» стадионының Қабанбай батыр даңғылы жағындағы автотұрақта орналасқан.

Бірінші көрсетілім сағат 20: 30-да басталса, екіншісі 22: 30-да болады.

Ұйымдастырушылар аталған іс-шараларға келушілер санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтап, маска тағып, санитайзерлер пайдаланып, арақашықтық сақтау қажет екенін ескертеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109