8514

ҮЕҰ өкілдері қарт адамдарды қолдау туралы ҚР 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары бойынша онлайн талқылау өткізді

Алпыс бес жастан асқан ерлер мен әйелдерді қоғамдық өмірге тартудың бір нұсқасы -тәлімгерлік немесе халықтық педагогика, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Азаматтық қоғам өкілдері Нұр-Сұлтанда қарт адамдарды қолдау үшін қабылданатын шараларды талқылады. "Ардагер" ҚБ басшысы Баян Ахметжанованың айтуынша, бұл мәселе әлдеқашаннан бері көтерілуі тиіс тақырып.

"Біз төтенше жағдайларда қарттарды қамтамасыз ету бойынша штаб құруды сұраймыз. Қарт адамдарға сапалы қолдау көрсету үшін call-орталықтың қызметін ұйымдастыру мен дағдарыс шаралары аясында зейнеткерлерге сапалы қолдау көрсетілгенін қалаймын", - деді Баян
Ахметжанова.

Өз кезегінде талқылауға қатысқан қарт белсенділер қала мен елдің қоғамдық өміріне қатысқысы келетінін және қатыса алатындығын байқады. Алпыс бес жастан асқан ерлер мен әйелдерді қоғамдық өмірге тартудың бір нұсқасы-тәлімгерлік немесе халықтық педагогика.

"Егер біз жастармен, балалармен бірге болсақ, бұл халықтық тәлімгерлікке жақсы мүмкіндік береді. Бұл балаларды тәрбиелеуге, тіпті волонтерлікті дамытуға да көмектеседі", - деп атап өтті белсенділер.

Онлайн талқылау барысында "Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының жетекшісі Әсия Ақанова қарт адамдарға арналған орталықты құру тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, Алматыда орталық құру кезінде бастапқыда 70 адам келеді деп есептелген, бүгінде орталыққа 300-ден астам зейнеткер барады.

Қатысушылар қарт адамдарға бір реттік акциялармен ғана емес, сонымен қатар қарттардың өмірлік тәжірибесін және олардың елдегі өмірді жақсартуға деген ынтасын пайдалана отырып, ресурстарды тұрақты негізде пайдалану қажет деген пікірге келді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109