Оқушылар мен студенттер арасында Әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өткізіледі
Шығармалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының дін істері мәселелерін зерттеу орталығы «Қайырымды қала тұрғындары» тақырыбында үздік эссе байқауының басталғанын жариялады. Шара ұлы ойшыл Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында өткізілуде.
Байқауға елордалық мектеп оқушылары (8-11 сыныптар) және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады. Қатысу тегін және ерікті түрде. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Мектеп оқушылары үшін эссе көлемі кемінде 2 бет, ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін А4 форматында кем дегенде 3 бет.
«Қатысушылар жұмыстарын өздері таңдаған тақырып бойынша ұсына алады. Мысалы, «Әл-Фарабидің өмірбаяны», «Ұлы ойшылдың рухани мұрасы», «Әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық жұмыстары», «Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі», «Әл-Фараби идеяларының қазіргі қоғам үшін өзектілігі». Жұмыстар 17-27 қыркүйек аралығында қабылданады», - делінген хабарламада.
Жұмыстарды бағалау және жүлделі орындарды анықтау 27-29 қыркүйек аралығында, жеңімпаздарды марапаттау және сыйлықтарды ұсыну 29-30 қыркүйек аралығында өтеді деп күтілуде.
Бірінші орынға сыйлық - ноутбук, екінші орынға - планшет, үшінші орынға - смартфон.
Конкурс туралы толық ақпаратты 8 708 837 53 54, 8 775 868 20 00 телефон нөмірлері арқылы алуға болады. Пошта: cipr_2013@mail.ru.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz