Ақбидай-Өндіріс көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша тоқтатылады
Жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Ақбидай – Өндіріс көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы 19 қыркүйек сағат 20:00-ден 20 қыркүйек сағат 8:00-ге дейін толығымен жабылады.
"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz