Жетіген көшесі 15 қазанға дейін жартылай жабылады
Орташа жөндеу аясында Жетіген көшесі бойымен Пушкин көшесінен Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 29 қыркүйектен 15 қазанға дейін автокөлік қозғалысы жартылай тоқтатылады.
"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз",– делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz