3611

Қарттар күнінде елорда көшелерін арнайы концерттік бағдарламасы бар автобус аралайды

Мерекеге орай, құттықтаулар айтылып, сүйікті әндер орындалады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қарттар күнін мерекелеу аясында қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесі бірқатар іс-шаралар өткізеді. 1 қазанда қалалық филармония әртістері туристік автобуста арнайы концерт ұйымдастырады. Шара әлеуметтік қашықтық сақтау мақсатында автобустың жоғарғы қабатында өтеді.

Көлік сағат 09:20-да қозғала бастайды және елорданың сегіз тұрғын алабы бойынша жүреді. Атап айтқанда, картада Кенесары даңғылынан Жеңіс даңғылына, Абай даңғылынан Брусиловский көшесіне, Пушкин көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін, Ғ. Мұстафин көшесінен Қобыланды батыр көшесіне, Б. Момышұлы көшесінен Сарайшыққа, Саураннан Қабанбай батыр даңғылдарына, Республикадан Кенесары көшесі, Арбатқа дейін аралайтын болады.

Жол бойы мерекеге байланысты құттықтаулар айтылып, танымал орындаушылардың халық және заманауи әндері орындалатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109