Нұр-Сұлтанда ХХІІ қалалық тіл фестивалінің жабылу салтанаты өтті
Мерекелік жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, дәстүрлі әншілер, қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда ХХІІ қалалық тіл фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын халыққа ұғындыру, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.
Жиында тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін арттыруға үлес қосқан азаматтар мен ХХІІ қалалық тіл фестивалінің кең көлемде аталып өтілуіне ат салысқан тұлғаларды марапаттады.
Мерекелік жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, дәстүрлі әншілер, қоғам белсенділері қатысты.
Шара дана хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған этно-мұражай және сурет көрмесімен жалғасты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz