4663

Демалыс күндері елордада қандай шаралар өтеді

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік іс-шараларды, сондай-ақ елордадағы мәдениет мекемелеріндегі концерттер мен қойылымдарды тамашалай алады. Барлық іс-шара санитария нормаларына сай өтетін болады.

Nomad City Hall 3 қазан күні сағат 18:30-да «Ричард III» спектаклін көрсетеді.

28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде «Алаш», «АЛЖИР» мұражайының залдарында экскурсиялар және «Лютый холод АЛЖИРа» деректі фильмінің көрсетілімдері өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры ресми парақшаларында 3 қазан күні сағат 14:00-де «Легкий и гармоничный артист» сахналық қозғалысын көрсетеді.

Кешкі ертегі 3 және 4 қазанда сағат 22:00-де көрсетіледі деп күтілуде. Театрдың әлеуметтік желілеріне сілтеме: Instagram, Faceboo.

Мемлекеттік академиялық филармония 3 қазанда мұғалімдер күніне арналған классикалық және эстрадалық вокал кафедрасы мен «Қорқыт» этно-ансамблінің «Ұстазым, менің, ұстазым!» бейнеқұттықтауын жариялайды. Әлеуметтік желілер: Instagram: @astana_filarmoniya, Facebook: astana.filarmoniya

@7_mass_biblioteka 28 қыркүйектен 3 қазанға дейін «Ұлы даланың жеті қыры» онлайн-саяхатын жүргізеді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының тарихымен, ұлттық құндылықтарымен, киелі жерлермен танысу.

«НАЗ» мемлекеттік би театрының әртістері 3 қазанда сағат 15:00-де театрдың ресми парақшаларында «Zumba» онлайн мастер-класын өткізеді.
Facebook: https://www.facebook.com/naz.biteatry. Instagram: @naz_bi_teatry.

4 қазанда сағат 15: 00-де инспекторларды тарта отырып «Кәмелетке толмағандардың құқықтары, баланың үйден тыс жерде құқықтарын қорғау» тақырыбында дәріс өтеді. Сондай-ақ, осы тақырыпта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері дайындаған би қойылымын көрсету жоспарлануда.

Күн сайын елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік және келісім сарайына экскурсиялар өткізіледі.

3 қазан сағат 11: 00-де Мемлекеттік академиялық орыс драма театры. М.Горький Л.Никитиннің «Приключения Незнайки и его друзей» ертегісін көрсетеді, сағат 16:00-де А.Кумбароскимен тікелей эфир өтеді. 4 қазанда сағат 12:00-де Л.Лебедевамен бірге «Сказка в дом» бейнежазбасы жоспарланған. Сол күні сағат 18:00-де А.Касоның «Дикарь. Третье слово» мелодрамасының тікелей көрсетілімі өтеді.

Әлеуметтік желілерге сілтеме: YouTube, InstagramFacebook.

4 қазанда сағат 11: 00-де Жастар сарайының @zhastarastana әлеуметтік желілерінде Ұстаздар күніне арналған музыкалық құттықтау көрсетеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109