4244

Қоғамдық кеңес мүшелері «City Transportation Systems» жұмысымен танысты

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері «City Transportation Systems» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Шараға қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов қатысты.

«City Transportation Systems» өкілдері соңғы жылдары көлік ағынын оңтайландыру, бағдаршамдарды реттеу, қоғамдық көліктердің іркіліссіз жүруіне кепілдік етудегі атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Жаңа технологияларды қолдану – «ақылды қала» жобасының басты қағидаларының бірі. Жаңа технологиялар ірі қалалар ішіндегі көлік жүйесіне аса қажет. Соңғы жылдары елордада диспетчерлік және мониторингтік жүйені іске қосу арқылы автобустар қозғалысын мобильдік қосымша арқылы қадағалау жүйесі енгізіліп, қоғамдық көлікті оңтайландыру жұмысы оң шешімін тапты. Цифрландыру жұмыстарының нәтижесінде көлік қозғалысына қатысты басқа да көптеген мәселе шешімін тапты», – деді «City Transportation Systems» ЖШС Төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі - консультативтік-кеңесші, қадағалаушы орган. Кеңесті жергілікті мемлекеттік органдар коммерциялық емес ұйымдармен және белсенді азаматтармен бірлесе құрған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109