812

Нұр-Сұлтанда жастар арасында суицидтің алдын-алу бойынша тренинг өтеді

Елордалық «Рухани жағыру» жобалық кеңсесі «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығымен бірлесе отырып, 32 орта оқу орнының психологтарына жасөспірімдерді психикалық дағдарыстан шығару және позитивті сана қалыптастыру бойынша тренинг өткізеді.

Оқу курсы «Сананың ашықтығы» бағыты аясында өтеді және бір аптаға созылады.

«Сананың ашықтығы» - «Рухани жағыру» бағдарламасының бір бағыты. Оның аясында біз психологтарға қалай дамуға болатыны, қоғаммен жұмыс жасауды үйретеміз. Осы аптада бізде теория жүзінде бес топ студенттері бар, келесі практикалық сабақтар болады. Жалпы, сабақтар 70 сағаттан асады. Тренингті халықаралық тәжірибесі бар мамандар жүргізеді», - деді Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани жағыру» жобалық кеңсесі жанындағы білім беру орталығының жетекшісі Намаз Жұлдыз.

Оқу бағдарламасында жастардың және өмірлік қиын жағдайға тап болған кез-келген адамның танымын кеңейту әдісі туралы дәрістер бар.

«Әдетте, жастар бір есік жабылса басқа амал жоқ деп ойлайды. Біз жас мамандарға тығырықтан шығар жолды қалай түсіндіруге болатынын үйретеміз. Сананың ашықтығы арқылы түсіндіреміз, өйткені өмірлік тәжірибедегі шектеулер аффективті және бақыланбайтын мінез-құлыққа әкеледі. Ауыр күйзеліс күйінде бала өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін», - деп түсіндірді тренер.

Елордалық психологтарға арналған тренингті тәжірибелі кәсіби психологтар өткізеді. Тренерлер тарапынан Германияның «Стресті оптимизммен басқарыңыз» стресменеджмент тақырыбы аясында кеңінен ақпарат берілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109