Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап "Family village" ауданында Е 652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарлануда
Тұрғындар елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа шағым жасап, нәтижесінде аталған шешім қабылданды.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайларын тексеріп, біржақты қозғалысты енгізу туралы шешім қабылдады. Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүретін болады. Бұл өзгерістер жол қозғалысын оңтайландыру жұмыстарының бір бөлігі және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіледі. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс нүктелерін азайтуға, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Жүргізушілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескеруі қажет.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz