3500

Елорда колледждерінің психологтары үшін арнайы дәріс өткізілді

Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Рухани жағыру» жобалық кеңсесі және «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы «Рухани жағыру: сананың ашықтығы» атты оқыту семинарын өткізді.

Бір апта бойы колледж психологтарына арналған оқыту семинары өткізілді. Шара қазіргі кезде жасөспірімдер арасында өзекті тақырыптардың бірі саналатын суицидтің алдын-алу жөніндегі ғылыми-әдістемелік тәжірибеге негізделді. Сондай-ақ тренинг барысында психологтардың біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер мен практикалық тренингтер өткізуге әдістемелік ұсыныстар зерделенді.

Елордалық мамандарға арналған тренингті халықаралық деңгейдегі тәжірибелі кәсіби психологтар өткізді.

«Қазіргі уақытта пандемияға байланысты барлық отбасы мүшелері үйде бір уақытта, яғни бір кеңістікте болады. Сондықтан жасөспірімдер арасында ғана емес, ересектер арасында да стресс пайда болады. Тренерлер германдық «стресстік оптимизмді басқару» бағдарламасы бойынша ақпарат берді. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің және «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының қолдауымен елорда психологтары үшін 72 сағаттық оқыту семинары өткізілді. Жалпы, бұл «Рухани жағыру» аясында жүзеге асырылып жатқан халықаралық ауқымды жоба», - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогика ғылымдарының докторы Айкүміс Омарбекова.

Бұдан былай дайындалған психологтар әр семинар-тренингте алған білімдерін кеңінен қолдана бастайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109