Білім басқармасы Нұр-Сұлтан мектептеріндегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады
Мектептердегі эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда. Оқу жылының басынан бастап COVID-19 вирусы 18 баладан анықталды, оның 14-і қашықтан оқиды, төрт бала кезекші сыныпқа барады. Бұл туралы брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады.
"Біздің науқас балаларымыз оқыған кезекші сыныптардағы оқыту режимі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері сыныптарда дезинфекция жүргізді. Карантин режимінің мерзімі аяқталғаннан соң, 14 күннен кейін сыныптар бұрынғы әдіске ауысады. Бұл мәселе білім басқармасының ерекше бақылауында", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде 3011 кезекші сынып жұмыс істейді, онда 40 400 бала оқиды.
Мектептердегі оқу процесіне байланысты барлық мәселелер ңһэбойынша ата-аналар білім басқармасының call-орталығына 1445, 55-68-73, 55-68-83 нөмірлері бойынша хабарласа алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz