3915

Нұр-Сұлтанда 28 қазан күні көктайғақ, бұрқасын және қатты жел күтіледі

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 28 қазанда Нұр-Сұлтанда көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
 
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.

Елордалық полиция департаменті автокөлік иелеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болуды ескертеді.

Өткен тәулікте қала аумағында 50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде бір адам дене жарақатын алды.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және ережелерді сақтауға шақырады.

Жүргізушілерге қауіпті болатыны - алғашқы қар көлік құралдарының тежелуіне кедергі келтіреді. Сондықтан сіз кенет тежелу мен тоқтаудан абай болуыңыз керек.

Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде, автомобильдің тежегіш жолы ылғалды және тайғақ жолда ұзаратынын ескеруі қажет. Жол-көлік оқиғалары мен құлаудың алдың алу үшін, өте мұқият және сақ болыңыз!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109