3798

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды

Биыл бағдарлама аясында 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру көзделген. Елордада Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 15 126 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. 7 757 орынға жұмыссыз азаматтарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына жүктелген. 

“Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сол себепті, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, кран машинисі, арматуршы, тас қалаушы, бетоншы, кәріз құбырларын жөндеуші, экскаваторшы, ауыр жүк көлігін жүргізуші, жол жөндеуші, көгалдандырушы жұмысшылар, монтаждаушы, электрик мамандықтары сұранысқа ие болып отыр”,-деп атап өтті орталықта.

Құрылыс жұмыстарына 1300 жұмыс орын, инженерлік инфрақұрылым саласына - 2 700, газ тарту-700, абаттандыру-4 900 (оның ішінде 200-ге жуық аула, 30-қоғамдық орындар сондай-ақ, көгалдандыру мен жарық тандыру жұмыстары жүргізілді).

20 әлеуметтік құрылыс нысанына жөндеу жүргізу үшін қосымша 1 600 жұмыс орны құрылды. Ол жерде 5 мектеп, 6 бала-бақша, 2 емхана, 2 колледж, 4 спорт нысаны жөнделеді.

Жол құрылыс инфрақұрылымдық жұмыстар үшін 4000 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

“Бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған жұмысшылардың жалақысы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты 85 000 теңгеден 250 000 теңгені құрайды”, - дейді Жұмыспен қамту орталығы өкілдері.

Мемлекеттік бағдарлама жыл соңына дейін жалғасады. Ал, құрылыс бойынша ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бағдарламаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына Еңбек ресурстарын мониторингтеу және болжау бөліміне хабарласу қажет, мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 25. «Өркен» Іскерлік орталығы, телефондары 57-88-89, 57-89-37, 24-83-02.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109